Úı ANONS Түркістан облысында үш экс-полицей 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталды

Түркістан облысында үш экс-полицей 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталды

фото ШПД

Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

 Түркістан облысында  ішкі істер саласында қызмет атқарған үш полиция қызметкеріне қатысты ауыр қылмыс жөнінде күні кеше ақпарат тарады. Бұл оқиға қоғамда қызу талқы таразысына түсті. Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, полицейлер зорлау дерегі бойынша күдікке ілініп, қызметтен бірден босатылған.

Осыған орай, Ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған болатынбыз.

Шыңғыс Алекешев, ІІМ ресми өкілі: «Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы бары туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу аясында түбегейлі құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесімен аталған полицейлер қызметке кір келтіргені үшін теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылған. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ішкі істер министрінің қатаң бақылауында».