Қала әкімі көшбасшы жастармен галстуксыз кездесті

603
Қала әкімі көшбасшы жастармен кездесті

Шымкент қаласы әкімінің тағайындалғанына – 100 күн. Осыған орай Дархан Сатыбалды белсенді жастармен бейресми кездесу өткізді. Осы басқосуда қала әкімінің шаһар басқарудан өзге де өнері байқалды.

Қала әкіміне жастар тарпынан күтпеген сауалдар да қойылды
Қала әкіміне жастар тарпынан күтпеген сауалдар да қойылды

Қала әкімі жастар алдында жеке өмірін де жасырмады. Ал бұған дейін ешбір әкіммен дәл осылай ескі достарша тілдеспеген жас көшбасшылар қуанышты әсерлерін жасырған жоқ. Айтулы галстуксыз өрбіген кездесу шынайы жауаптармен ғана емес, көкейдегі ұсыныстардың да еркін айтылуымен ерекшеленді.

Садық Шерімбек, блоггер: «Оңтүстікте жақсы математиктер жетерлік. Өзіміздің достарымыздың арасынан мысалға алар болсақ, мектепте оқып жүрген кезінде 130 мемлекеттің арасынан 1-орынды алып келген жігітер бар. Басқа жақта болғанымен, соларды бір ортаға жинайын, тәжірибесін бөлісетін ғылыми орталықтар болса дейміз. Шетелдерге бара қалсақ, қызыға қараймыз. Елдің елдігін көрсететін де осы ғылым, білім, жаңа технология ғой».

Дөңгелек үстелдің басында «Шымкент студенттер Альянсының» өкілі де болды. Сондықтан жиын қатысушылары жылдар бойы созбалаңға салынған жолақы мәселесін де айналып өткен жоқ.

Мағжан Исахов, «Шымкент студенттер Альянсы» қорының атқарушы директоры: «Әлі күнге шешілмей жатқан жолақы мәселесін қозғап отырмыз, өйткені мұның оң шешілетін жолдары бар ғой. Біз бүкіл студенттерге жеңілдік сұрап отырған жоқпыз. Себебі, бірінің ЖОО-на үйі жақын болса, екіншісі қоғамдық көлікті керек етпейді де. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққандарға жолақы жағынан көмек беруілуі керек деп ойлаймыз».

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Оның өзінің арнайы жұмыстары бар. Бұл мәселе ертең шешіледі десем, ол да дұрыс болмайды. Бір айдан кейін оң шешімін табады деп айту да дұрыс емес. Өйткені бюджеттің нақтылауы бар, басқа қарауы бар дегендей. Өздеріңіз білесіздер, біздің Шымкенттің тапқан табысы шығынын жабуға жетпейді. Сондықтан мәселенің оның бәрі есептеулі».

Жолақы жеңілдігі қала көлемінде 106 мың студенттің барлығына емес, тек әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққандарға ғана қаралмақ екен. Ал бұл жолғы кездесу қала әкімімен жастардың боулинг ойынына ұласты. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t_YnO1AriuQ[/youtube]