«ҚазТрансГазАймақ» жолдарды қалпына келтіруі тиіс

318
Гастелло көшесі

 Тұрғындарды ауызсудан айырып, жол азабын тартқызған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның жаңалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Халықты әбігерге салған газ саласының мамандары Гастелло көшесіндегі жаңалау жұмыстарын қазан айына дейін жалғастырмақ. Шымкент қаласының тұрғын үй – коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары осы үшін аталған мекеменің ресми рұқсат алғанын айтады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң газ таратушы мекеме бұзылған көшелерді қалпына келтіруі тиіс.

Гастелло көшесі
Гастелло көшесі

Рұқсат берер алдында қос мекеменің арасында осындай келіссөздер жүргізілген. Шымкент қаласының автокөлік жолдары секторының меңгерушісі Абай Тұрханов егер бұл талап орындалмаса, аталған мекемеге хат жолданатынын, одан нәтиже болмаса проблеманың сот арқылы шешілетінін жеткізді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dv_dli0S7RU[/youtube]