44 мың тонна мақта жиналды

1310
бала еңбегі
Мақта алқабы азайса да түсім артқан
Мақта алқабы азайса да түсім артқан

Бүгінгі күнге дейінгі мәліметтер бойынша облыста 44 мың тонна ақ алтын терілді. Оңтүстіктің диқандары биыл егіс аумағының қысқартылғанына қарамастан, мақтаны көп жинауды жоспарлап отыр. ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, қазан айының соңына дейін диқандар 370 мың тонна мақта жинауды меже тұтуда. Бұл – өткен жылғыдан әлдеқайда көп көрсеткіш. Мәселен, былтыр 257 мың тонна шикізат жиналған болатын. Ал егіс аумағының көлемі 4 мың гектарға артық болатын. Биыл мақта 140 мың гектар аумаққа егілген.