Ақша үшін оқушыны атып өлтіргендер сотталды

173
Қолға түскен күдіктілер

Мектеп оқушысын атып өлтіргендер сотталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта 4 айыпталушыға қатысты үкім оқылды. Олар Сарыағаш ауданында мектеп оқушыларын таяққа жығып, екеуін атып кеткен. Салдарынан бір жасөспірім қаза тапқан.

Қолға  түскен күдіктілер
Қолға түскен күдіктілер

Сотта айыпталушылардың үшеуі қылмыскердің сыбайласы деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал басты айыпталушы – шолақ мылтықтан оқ атқан жігіт 16 жылға темір торға қамалады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6f50eSzEzN8[/youtube]

Еске сала кетсек, бұл оқиға наурыз айының соңында Сарыағашта болған. Бір оқушы мен үш студент мектептің жоғарғы сынып оқушыларын ақша бопсалайды. Үш жеткіншек өздерінен талап етілген 7000 теңгені беруден бас тартқан. Сонда 17 мен 19 жастағы төрт жігіт оқушының бірінің үйіне барып, шолақ мылтықтан оқ жаудырған. Салдарынан 11-ші сыныпта оқитын қос шәкірттің бірі сол жерде мерт болса, екіншісі ауруханаға жеткізілген еді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0v3E9pripjc[/youtube]

Ал жәбірленуші тараптың ата-анасы кесілген үкіммен келіспейді. Әсіресе, айыпталушының сыбайластары жеңіл жазамен құтылып кететін болды дейді. Айтуларынша, сотта мылтық Сайрамнан Сарыағашқа алып барған жеткіншектердің әрекеті ескерілмепті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EtDnbu2bbKc[/youtube]

Осылайша соттың соңы мұнымен бітпейтін түрі бар. Марқұмның анасы үкімді қайта қарауды сұранып, жоғарғы сотқа шағымданамыз деп отыр.