Біліміңді парасыз дәлелде!

Мағжан Исақов, "Шымкент студенттер альянсы" корпоративтік қорының атқарушы директоры
Мағжан Исақов, "Шымкент студенттер альянсы" корпоративтік қорының атқарушы директоры
Мағжан Исақов, «Шымкент студенттер альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры

Біліміңді парасыз дәлелде. «Шымкент студенттер альянсының» ұйымдастыруымен қаладағы жоғарғы оқу орындарында «Таза сессия» акциясы басталды. Негізінен, бірінші курс студенттеріне арналған шараға шаһардағы 4 жоғарғы оқу орнынан 100 шақты ізденуші қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттер арасында қазір құпия сауалнамалар жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы акция аяқталғаннан соң http://vzyatochnik.kz/ сайтында жарияланатын болады. «Параны берген студенттің де, оны алған оқытушының да толық аты-жөнін дәл осы жерден таба аласыз дейді «Шымкент студенттер альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Мағжан Исақов. Айтуынша, парақор оқытушылардың біразы бүгінде белгілі. Олар фармацевтика, экономика және заң факультеттерінде көптеп кездеседі. Ұйымдастырушыларда жеті жылдан бері өткізіліп келе жатқан жемқорлыққа қарсы шара өз пайдасын береді деген үміт бар.

Еркін форматта өткен жиында жастар арнайы қабырғаға қол қойып, сыбайластықтың жолын кесуге уәде етісті. Айта өткен жөн, «Таза сессия» акциясы желтоқсан айына дейін жалғасады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Mx0pv2cpFiQ[/youtube]