«ELNUR» телеарнасы эфирге қайта шықты

972
"ELNUR" телеарнасының ұжымы уақытша мәжіліс залында отырады

 «Біз сіздермен біргеміз!»  Жуырда ғана ғимараты өртеніп, қиын жағдайға тап болған Сайрам аудандық «ELNUR» телеарнасы эфирін қайта шыға бастады. 10 жылға жуық тарихы бар телеарна өрт кезінде техника атаулының барлығынан айрылса да көрермендерімен қош айтысқан жоқ.

"ELNUR" телеарнасының ұжымы уақытша мәжіліс залында отырады
«ELNUR» телеарнасының ұжымы уақытша мәжіліс залында отырады

Тілсіз жаудың кесірінен кеңсесіз қалған  «ELNUR» телеарнасының қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залына орналасыпты. Тілсіз жау техникасын бүлдіріп тастаса да журналистер жағы қол қусырып отырған жоқ. Ақ парақтары мен қаламсаптарына арқа сүйеп, халыққа дер кезінде ақпарат беруге кірісіп кеткен.

Нұржігіт Тұманбаев, «ELNUR» телеарнасының тілшісі: » БАҚ өкілі болғандықтан, бар мүмкіндікті пайдаланып, ресми ақпаратты эфирге шығаруға, басқа да қызықты жаңалықтарды халыққа жеткізуге тырысып жатырмыз».

түсірілім тобы өз міндеттеріне кірісіп кетті
Тілші мен оператор түсірілімге аттанғаны жатыр

Осылайша бүгін халыққа жаңалық таратуға барын салып жатқан ұжым, қолда барын әжетке жаратып, еңбек етіп жатыр. Бірі бейнекамерасын сүртіп тазаласа, енді бірі оны өңдеу жұмыстары үшін ыңғайлы орын іздеуде.

Еділбай Беркінбаев, «ELNUR»  телеарнасының директоры: «Біртіндеп-біртіндеп өзіміздің бұрынғы қалпымызға, бұрынғы серпінімізге келеміз деп ойлаймын. Біздің осылай есімізді жинап, қайтадан қалыпқа келуімізге әріптестеріміздің қолдауы көмектесті».

Осылайша, өткенге мойымай, қайта аяққа тұруға талпынып жатқан әріптестеріміз күніне бір рет болса да үзбей жаңалықтар топтамасын эфирге шығаруға бел байлапты. Арнайы студиясы мен техникасы болмаса да, көрермендердің ықыласы үшін жоқтан барды ұқсатып отыр. Жақын күндері арнаның жұмысы бұрынғы қарқынға түседі деп сенеді тілшілер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=muP4LP_t-OQ[/youtube]