Мақтааралда оқушылар мақта теріп жүр

556
Мақтаралда мақта терімі басталды

 Мақтааралда мақта терімі басталды. Әдеттегідей қайнаған жұмыстың ортасында мектеп оқушылары жүр. Шәкірттер оқуды шетке ысырып қойып, ақыға еңбек етуге кірісіп кеткен. Ақ алтын жиналатын алқапта осылайша дорбасын асынғандар мақта теріп, білек сыбана жұмыс жасауда. Оқушылар бұл шаруаны өздерінің тұрақты жұмыстарына айналдырып та алыпты.  Осылайа терімшілердің жеткіліксіздігі өрімдей балалардың қара жұмысқа жегілуіне әкеп соғып отыр. 

Мақтаралда мақта терімі басталды
Мақтааралда мақта терімі басталды

 Исламбек, мектеп оқушысы: «Күніне 20-24 келі мақта теремін. Маған сол жетеді. Үйге 400 теңге шамасында ақша апарамын. Үйімдегілер біледі. Ұрыспайды, дәптерге, күнделік алуға жұмсаймын ғой. Оқулық жетпейді кейде, соған жұмсаймыз.»

Жұмысқа жегілген шәкірттер «Жеңіс» мектебінде оқитындарын айтады. Бірақ білім ұясы басшылығы өздерінде мақта теретін оқушы жоқ, балалардың барлығы бақылауда дейді.

 Зәуреш Байтоғаева, «Жеңіс» жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «Ұсталынған балалар «Жеңіс» деп айтады. Бұл мектеп – аудандағы орыс-қазақ тілінде сабақ берілетін мектеп. Біздің балаларымыз мүлде мақтаға шықпайды. Ондай нәрсе жоқ.»

Ақталған мектеп басшылығының сөзі шындыққа қаншалықты жанасарын анықтау барысында әр сыныпта кемінде 5-6 оқушыдан келмегені анықталды. Сынып жетекшісі мен топ басшысы оқушыларды түгелдеуді кейіннен бастады.

Мақтарал
Мақтарал

Әзиза Салқожа, 11-сыныптың топ басшысы: «Екі оқушы мәдениет сарайына кетті. Бір оқушы нақты себебі бар. Үшеуі жоқ. Екеуі – себепсіз, үшеуі себепті.»

Терімшіге айналған шәкірттерді мектеп басшылығы мен білім бөлімі іздеймейтін болғандай. Мамандар тек «шәкірттеріміз түгел» дегеннен әріге аса алмады.

Бауыржан Кеттебеков, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері: «Жекелеген жағдайлар енді орын алған болуы мүмкін. Бірнеше мектептің ішінде бірен-саран балалар кездескен шығар сіздерге. Ал, негізінен, бұрынғыдай жаппай мақтаға кету деген нәрсе тоқтатылған.»

Жасыратыны жоқ, ақ алтынның бүгінгі терімшілері – мектеп оқушылар екенін көзімізбен көріп қайттық. Қазан айының соңында ғана аяқталатын мақта теру науқанына оқушылар жегіліп, мектеп бағдарламасынан қалып қоятыны өкінішті.