Тұрысбеков қоры коррекциялық мектептің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады

358
Балғындар сыйлық алуда

Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы аясында №18 коррекциялық мектептің тәрбиеленушілерімен кездесті. Бұл жолы қордың өкілдері балалар арасында «Менің балалық тілегім» шарасын ұйымдастырды. Арнайы безендірілген қағазға әрбір бала өзінің көкейінде жүрген тілегін жазуы тиіс. Балалар бірден кірісті. Бірі ойға кетсе, бірі асығып арманын жазуда. Қыздар қуыршақ, әсем қалам, дәптерлерді ұнатса , ұлдар жағы автокөлік, ноутбук, компьютерлерді армандайды. Тілектердің енді бір бөлігі денсаулыққа байланысты.

 Вадим Маркин, оқушы: «Денсаулығым жақсы болсын деймін. Бұрыннан бері алыстан басқарылатын машинаны армандағанмын. Үлкен аға-апаларымыз біздің тілектерімізді орындайтынына кәміл сенемін».

Бұл мектепте бүгінгі таңда 87 оқушы дәріс алады. Логопед, дефектологтар балалардың сөйлеу қабілетін арттыру бағытында еңбектенуде. «Менің кішкентай балалық тілегім» акциясы балғындардың өмірге деген құштарлығын арттыра түседі дейді ересектер.

Вика  пожелала себе здоровья, красивую куклу,альбом и  карандаши

  Мария Суханова, Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының қоғаммен жұмысты үйлестірушісі: «Міне, бүгін балалардың тілегі жазылған қағаздарды мына жәшікке жинадық. Қайырымдылық акцияларынан тыс қалмаған азаматтардың барлығына алғысымыз шексіз. Бұл жолы да көпшілік балалардың тілектерін орындауға ат салысатынына сенеміз. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан жалықпайық. Барлығымыз жұмылып, олардың балалық шағын қуанышты өткеруіне жағдай жасайық».

Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының қызметкерлері коррекциялық мектепке балалардың тілектерін орындауға алдағы уақытта тағы да келеді. Ол мерекені балалар асыға күтеміз деп қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Oc5k8Lh-S2E[/youtube]