Табиғи газ бойынша Еуразия құрлығындағы ең қымбат баға – Оңтүстікте

463
Баға тұтынушылардың қалтасын қағып барады

Бүгінде Оңтүстіктің тұтынушылары табиғи газдың бір текшеметріне 23 теңге төлейді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, бұл – Еуразия елдерiндегi ең қымбат баға. Газ өндiрiлмейтiн Белоруссияның өзінде тұрғындар Ресейден алған көгілдір отынның бір текше метрiне 12,50 теңгеден, ал Украина халқы 17,30 теңгеден төлейді. Табиғи газды басқа елден сатып алу мен тұтынушыларға сатқан бағасының айырмасын мемлекет субсидиямен реттейді.

Баға тұтынушылардың қалтасын қағып барады
Баға тұтынушылардың қалтасын қағып барады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы көгiлдiр отын бағасы көршiлес Жамбыл облысындағы бағадан – 2,2, ал Қызылорда облысындағы бағадан 5,5 есе қымбат болып отыр. Табиғи газ – жарық пен су секiлдi маңызды қажеттiлiктер қатарында. Табиғи газдың қымбат сатылуы азық-түлiктiң, коммуналдық төлемдердiң құнының өсiп кетуiне себеп болады дейді сарапшылар. Оған қоса, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бiрлестiгi мамандарының сөзіне сенсек, «алдын ала ақы», «техникалық қызмет» деп аталатын мәжбүрлеп төлетулер басқа өңірлерде кездесе бермейді.