Шымкент қаласының тәртіп сақшылары қарақшылық шабуыл жасамақ болған топтың жолын кесті. Олар қаладағы пәтердің бірінде қылмыс үстінде қолға түскен.
Қолға түскен үш жігіт — облыс тұрығындары. Үшеуінің де жасы 18-ге енді толған. Бұл қылмысқа ұзақ уақыт дайындалыпты. Олар қарақшылық жасамақ болған үйдің иесі бірер күн бұрын пәтерін сатқанын және қолында қомақты қаржысы барын білген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tUK6G0BJ7hA[/youtube]
Полицейлердің айтуынша, қарақшылардың бірі «Ангел» лақап атымен танымал. Ол жоғары және орта оқу орындарындағы студенттерден ақша бопсалап, оны түрмеде отырған танысына жіберіп тұрады екен. Қазір қолға түскендер қамауға алынған. Үстерінен қылмыстық іс қозғалды.