Қадір түнінде қылмыс жасағандарға қатысты сот басталды

Марқұм болған Әлімжан МЕДЕТБЕК-тің ата-аналары
Марқұм болған Әлімжан МЕДЕТБЕК-тің ата-аналары
Марқұм болған Әлімжан Медетбектің ата-анасы

Қадыр түні екі жасөспірімді атып өлтірген жігіттерге қатысты сот отырысы басталды.

Еске сала кетсек, 2012 жылдың 14-тамызынан 15-іне қараған түні мешітке бет алған қос жігітті әлдебіреулер келіп, қасақана атып кеткен еді.

Содан бері бір жыл уақыт өтсе де, бір жігіттің ғана қамалып, қылмысқа қатысы бар 3 күдіктінің табылмай жатқанына жәбірленуші топ наразылық білдірген.

Енді, міне, ұзаққа созылған іздестірудің нәтижесінде күдіктілер осы жылдың маусымында ұсталып, сот отырысына қатыстырылды.

Ұлдарынан айрылған тарап баласының өліміне себепші болған айыптыларға сот әділ жаза береді деген үмітте.

Ағысбек Төлегенов, қорғаушы: «Енді бұлар жасы толмаған кезде қылмыс жасағандықтан, барлығына да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалу керек. Ол жазаның мерзімі 10 жылдан аз болмауы тиіс. Әрине, адамның орны материалдық өтеммен толмайтыны белгілі. Дегенмен, кішкене жұбаныш болсын деп біз күдіктілердің әрқайсысына 50 миллион теңгеден 200 миллион теңге материалдық шығын өндіруді талап етіп отырмыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OQPutGU_iL4[/youtube]