Үнді сауда-жәрмеңкесі шақырады

374
Үнді мәдениетін насихаттушалыр бар өнерін салды

Шымкентте 4-ші және 13-қазан аралығында Үнді тауарларының сауда-көрмесі өтіп жатыр. Төрт жылдан бері оңтүстікқазақстандықтарды базарлықтарына тәнті еткен үнді жәрмеңкесі «Әл Фараби» сауда орталығында, таңғы сағат 10:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жалғасады. Әшекей бұйымдар мен орамалдар, үнді шәйі мен тәттісін осы жерден таба аласыз.

Үнді мәдениетін насихаттар сауда көрменің көрігі қызып тұр. Үнді иіс майларын алсаңыз, өкінбесіңіз хақ. Француз, Мысыр елдері иіссуларының негізі болған үнді майын бір жақсаңыз, 3-4 күн аңқып жүресіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j8KtGuqvzvs[/youtube]

Әшекей бұйымдардың дені – қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар. Көбісі дара, қайталанбайтын бұйымдар. Орамалдар мен төсек жапқыштар, көйлек көншік, жылы шәлілер. Келушілердің кез келген талғамына сай дүние таба аласыз. Перизат Әжібекова үнді жәрмеңкесіне жиі келеді. Асыл тасты әшекейлердің қайталанбайтыны ұнайды дейді ол.

Перизат Әжібекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Үнді жәрмеңкесі қаламызға келген сайын мен де мүмкіндікті жіберіп алмай, міндетті түрде келіп тұрам. Шәйі да, тәттісі де, мойын орағыштары да, әшекейлері де көңілімнен шығады. Екі елдің мәдениетін бір-біріне дәріптейтін осындай сауда-көрмені ұйымдастырушыларға рахмет!»

Прамод Хуллар, Үнді сауда-көрмесін ұйымдастырушы: «Үндістан нарығында 22 жылдан бері жұмыс жасаймыз. Қазақстанға бірінші рет келуіміз. Қонақжай халық. Төл мәдениетімізді паш етер тауарларымызды ұсынып отырмыз. Көрмеге келген адам өкінбейтіні хақ.»

Үнді тауарларының сауда-көрмесі қазанның 13-не дейін әл Фараби сауда орталығында өтеді. Одан соң Алматы, Атырау қалалары мен Ресейге қарай аттанбақ.