Шымкентте сенбілік өтті

458

Қала күні мерекесіне орай 26-қазан қала әкімдігінің шешімімен Шымкент шаһары бойынша жалпықалалық сенбілік күні деп жарияланған. Бұл күн жаңбырлы болғанына қарамастан халық біраз жиналды.

Қаланың барлық аймағы, оның ішінде жол бойындағы жасыл аймақтар, саябақтар мен демалыс орындары, арық-атыздар мен жүргінші жолдың жиектері толығымен тазаланып, ағаш түптері әктелді. Ал тазалаудан шыққан қоқыстар арнайы техникалармен қала сыртына шығарылады. Сенбілік жұмысына «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары мен 30 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Жалпы, сенбілікке ұзын-саны 20 мың адам жұмылдыру жоспарланған. Оның iшiнде қалалық бiлiм бөлiмiне қарасты мекемелерден 17 мың адам қатысты. Ал жоғарғы оқу орындарынан 2500-ға жуық студент келді. Сондай-ақ, игi шараға қала әкімінің өзі бастап, құрылымдық бөлімдерінен 500-ге жуық қызметкер мен мәслихат депутаттары да келді.

Сонымен қатар осы сенбiлiк аясында Абай саябағында зиялы қауым өкiлдерiнiң, ардагерлер мен жастардың қатысуымен көшет отырғызылды. Жалпы, отырғызылатын ағаш саны 10 мыңға жуық.

 

Дереккөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі