Шымкентте тал түсте көлік өртенді (бейнекадрлар)

210
Көлік кенеттен өртене жөнелген

Шымкентте шаңқай түсте төтенше жағдай орын алды. Күндізгі сағат 3-тер шамасында Ерімбетов көшесінің бойында жеңіл көлік отқа оранды. Опель көлігінің жүргізушісі темір тұлпарын жолдың шетіне қойып, дүкенге кіріп-шыққанша көлігінің көк түтінге оранғанын көреді. Содан дереу өрт сөндірушілерге хабар берген.

Көлік кенеттен өртене жөнелген
Көлік кенеттен өртене жөнелген

Оқиға орнына 2 өрт сөндіру тобы мен 9 маман шұғыл жетті. Олар келе сала шлангыларды жалғап, көлікке көбік шаша бастады. Құтқарушылардың жедел қимылдарының нәтижесінде көліктің тұмсығынан шаққан жалын салонға өткен жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2kNgt5PolBE[/youtube]

Абырой болғанда Опельде жүргізушіден өзге ешкім болмаған. Көілктің иесі жарақат алған жоқ. Дегенмен, темір тұлпардың моторы едәуір жанып кетті. Қазір өрттің неден шыққанын өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары тексеріп жатыр.