Шымкенттен Меккеге тіке қатынау әзірше мүмкін емес

383
Қажылыққа 2200 оңтүстікқазақстандық бармақ

 Биыл қажылық сапарында Меккеге барушыларға қандай жағдайдар жасалған? Бүгінде ел аумағында қажылыққа ниет етушілер сапарға аттанып жатыр. Айта кетейік, өткен жылы мұсылман қауымының осы бес парызының бірін өтеуге еліміз бойынша 5500 адам аттанса, биыл бұл көрсеткіш 1000 адамға кеміп отыр.

 

Қажылыққа 2200 оңтүстікқазақстандық бармақ
Қажылыққа 2200 оңтүстікқазақстандық бармақ

Қажылық сапарына жерлестеріміз қыркүйек айының соңғы күндерінен бастап жолға шыққан. Облыс имамдарының айтуынша, биыл Меккеге жол жүрушілерге бар жағдай жасалып отыр. Тіпті, ас мәзіріне де қазақтың ұлттық тағамдары енгізіліпті. Бәрінен бұрын осы жылы міндеттелген парызды орындаған жамағат үшін күтпеген жаңалық та жоқ емес.

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Қажыларға сол Меккеде қажы деген куәлік тапсырылады. Бұл үлкен жаңалық десек болады, себебі, бұрын-соңды мұндай оқиға болмаған.»

Жасы елуден асқан ел ағасы Сұлтанбек Қыпшақбаев қажылыққа жол жүруге ниеттенгендердің бірі. Айға жуық уақытқа созылатын сапарға қажеттінің бәрін дайындап қойған. Жұбайымен бірге Меккеге барып, Аллаға құлшылық етуді армандаған азамат Шымкенттен қасиетті қалаға тікелей әуе рейстерінің жоғына таң қалғанын айтады.

Сұлтанбек Қыпшақбаев: «Шынын айтқанда, қажылыққа бірінші рет бара жатқаннан кейін, аздап қобалжып та тұрмын. Дегенмен, осындай мүмкіндік берген Аллаһқа мың да бір шүкір. Енді осы Шымкент қаласынан тіке сол орталыққа, Меккеге қарай рейс ұйымдастырылса деген ниетіміз бар.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rPcmLNUqVug[/youtube]

Айта кетейік, биыл қажылыққа Қазақстан бойынша 4400 адам жол тартпақ, соның 2200-і – біздің жерлестеріміз. Ал Шымкенттен Меккеге жететін тура бағыттағы ұшақ болмағандықтан, қажылыққа ниет етушілердің көбі Алматы қаласына дейін пойызбен барады. Кейбіреулері жеке көліктерімен де жолға шығуда. Ал Шымкент халықаралық әуежайының басшылығы бұл бағытта тіке ұшатын әуе көлігінің болмауын жол шығынының ақталмайтынымен түсіндірді.