Шымкенттіктер күре жолды жауып тастады (бейнекадрлар)

Жеті жасар Фариза Сарметова соқыдан кейін сол жерде жан тәсілім етті.

Шымкентте қайғылы жағдай орын алды. Жеті жасар Фатиманы автобус қағып кетті. Соның салдарынан бүлдіршін оқиға болған жерде опат болды. Жас қыз әжесімен бірге балабақшаға інісін әкелуге бара жатқан. Жаяу жүргіншіге арналған белгінің тұсымен жолдан өтіп жатқанда автобус соғып кетеді.

Тұрғындар жолды жауып тастады
Тұрғындар жолды жауып тастады

Жергілікті тұрғындардың төзімін тауысқан да осы оқиға болды. Жолды жауып тастағандардың айтуынша, дәл осы тұста жол апаты жиі орын алады. Жолаушыларға арналған белгі тұрса да жүргізушілер оны елей бермейді. Оның үстіне орнатылған бағдаршам істен шыққан. Қауіпсіздік шарларын қарауды өтініп тұрғындар талай жерге арызданыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VsM2RYyIaX4[/youtube]

Жол апатынан зардап шеккендерді бірі — Күләйім Тастанбекова. Ол осыдан 1 жыл бұрын дәл осы жолдан өтем деп жүргенде көлік қағып кетіп, мүгедек боп қалды. Зулаған көлік соғып кеткен келіншекке сол апаттан соң 6 рет ота жасалыныпты.

Күләйім Тастанбекова 1 жыл бұрын дәл осы жолдан өтем деп оң аяқсыз қалған
Күләйім Тастанбекова 1 жыл бұрын дәл осы жолдан өтем деп оң аяқсыз қалған

Ашуға булыққан халықтың қаһарын билік өкілдері қайтаруға тырысты. Алайда құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар әкімнің сөзіне сенгісі келмеді. Тұрғындардың айтуынша, соңғы бір айда Темірлан тасжолының осы тұсында бес жол апаты орын алған. Соның кесірінен екі жаяу жүргінші мерт болды. Жолдағы жиі орын алатын қайғылы жағдай туралы бұған дейін де естіген шенеуніктердің уәдесі қашан орындалары белгісіз.