Жанармай ақыры қымбаттады

241
Баға өзгеріп шыға келді

Елімізде бензин бағасы қымбаттады. Бірден бес теңгеге шарықтай көтерілген бағаны еліміздің табиғи бәсекелестікті реттеу агенттігі бүгін бекітіп беріпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KXrtz7Xz3jI[/youtube]

Әдеттегідей емес, бүгін таңертеңнен жанармай құю бекеттерінде көлік кезегі көп. Темір тұлпарларын тізгіндеген ағайын сұйық отын құю үшін кезек күтуге мәжбүр. Бұл – баға көтерілер алдындағы үйреншікті көрініс. Себебі, түс ауа бензин бағасы өзгеріп шыға келді.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар-жағармай құю бекеттері қауымдастығының төрағасы: «Бүгіннен бастап бір литр жанармайдың бағасы бес теңгеге қымбаттатыд. Ол бір жыл бойы көтерілмей тұрды. Өткен жылғы қазаннан биылғы қазанға дейін тұрақты түрде 110 теңге болды. Бүгін бүкіл ел бойынша баға көтерілді.»

Баға өзгеріп шыға келді
Қымбаттаған баға

Осы уақытқа дейін АИ-92 маркалы жанармайдың литрін 110 теңгеге құйған жүргізушілер оның әр литріне 115 теңгеден төлеуде. Сол сияқты дизель отынының бір литрі 102 теңге, Аи-80 маркалы жағармай 89 теңге боп қымбаттады.

Мұнай және газ министрлігі берген деректер бойынша, мұндай өзгеріске «Бренд» маркалы мұнай бағасының көтерілуі себеп болған. Сондай-ақ, бағаның қымбаттауына Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде теміржол қызметтері құнының өсуі де негіз болып отыр дейді мамандар.