Қала әкімінің жүлдесі қызылордалықтарға бұйырды

465
Әкімнің жүлдесі - "Қорқыт жастарында"

Шымкентте қала әкімі Дархан Сатыбалдының жүлдесі үшін көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті. Әзілкештер кешін әдеттегідей «Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен жүргізді. Ауқымы кең республикалық шараны «Шымкент жастары» мекемесі ұйымдастырып отыр.

Қала әкімінің жүлдесіне өзге өңірдің ойыншылар да таласты
Қала әкімінің жүлдесіне өзге өңірдің ойыншылары да таласты

Әзіл бәсекесіне елімізге танымал «АЭСА» (Алматы қаласы ), «Қаз ИТУ» құрамасы (Орал қаласы), «Қорқыт жастары» (Қызылорда қаласы), Тараз қаласынан «Осындай-осындай» және «Тараз құрамасы» және Шымкенттен «Шымкент жастары», «ОҚМУ құрамасы», «Мардан ұландары» сынды құрамалар қатысты.

Қазылар алқасының құрамында «Журналистер Одағының» облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабіл, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев, «Жайдарман» КТК клубының мүшесі Марат Достаев, Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек болды.

"Мардан ұландары" құрамасы
«Мардан ұландары» құрамасы
Қала әкімінің жүлдесі үшін биыл 4-рет КТК ойыны өтті
Қала әкімінің жүлдесі үшін биыл 4-рет КТК ойыны өтті

Көңілді кешке келген көпшілік күлкінің дәруменін сыйлаған жастарға дән риза.

 Маржан Дінәсілова, көрермен: «Мен қала әкімінің жүлдесі ойналатын КВН деген соң, шенеуніктерге қатысты әзілдер қысқартылады деп ойлаған едім. Қайта шындықты айтып жатыр. Тіпті, мысалдармен ойнап жатыр. Риза болдым. Бұл да болса шенеуніктер келіп тамашалайтынын біліп, түзелсін деген ойлары шығар. Маған «Шымкент жастары» мен Қызылорда қаласынан келген топтың әзілдері ұнады. Осы 2 құраманың жеңіске жететініне сенімдімін.»

Жеңіс Қуатбек, көрермен: «Бәрі жақсы, ойыншылар да, сахнаның безендірілуі де керемет. Бірақ әкімнің өзі келмегенін түсінбедік. Ойыншылар осы әкімнің жүлдесі үшін таласып жатыр ғой. Ал негізі мен «Мардан Ұландары» және «Осындай, осындай» командасына болысып отырмын. Олар қызықты әрі салмақты әзіл айтып жатыр.»

Әкімнің жүлдесі - "Қорқыт жастарында"
Әкімнің жүлдесі — «Қармақшы жастарында»

Айтулы шараға қазынадан 2 миллион теңге қаржы қаралыпты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойын Шымқаламыздың мерейін асырады.

 Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» мекемесінің директоры: «Ойынның ерекшелігі сол — еліміздің ең талантты әзілкештері Шымкент қаласына деген құрметін білдіреді! Бұл жастарға осы тартыс туралы 2 ай бұрын хабарланған. Бұған қоса қазылар алқасының құрамы да толығымен жаңадан жасақталып отыр.»

"АЭСА" үшінші орыннан көрінді
«АЭСА» екінші орыннан көрінді

Сонымен, Шымкент қаласы әкімінің бас кубогын (теледидар мен 150 мың теңге) Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан келген «Қармақшы құрамасы» жеңіп алды. Бірінші орынды ( теледидар және 100 мың теңге) «Қорқыт жастары» алды. Екінші дәрежелі қала әкімінің кубогы (компьютер жиынтығы, 70 мың теңге) «АЭСА» командасына, ал 3-орын (үй кинотеатры, 50 мың теңге) «13-аймақ» (Шымкент қаласы) командаларына бұйырды.