Қаржыны қайда жұмсар едіңіз?

Қаржыны қайда жұмсар едіңіз?
Қаржыны қайда жұмсар едіңіз?
Қаржыны қайда жұмсар едіңіз?

«Ақша өмірде маңызды нәрсе емес» дейтіндер аз емес. Дегенмен, маңызды жәйттердің түйіні көп ретте айналып келгенде қаржыға келіп тірелетініне күн сайын көзіміз жетіп отырады. Ал ондайда игерілмеген қаржы туралы ақпарат сең соққандай етері де даусыз. Әсіресе, «былай тартсаң өгіз өліп, былай тартсаң арба сынып» жататын әлеуметтік салаға қажетті қаржының мақсатты игерілмей, қайтадан бюджетке қайтарылуы ашу-ыза тудыратыны жасырын емес. Дегенмен де, «періште емес пендеміз» қолымызға мол қаржы түссе, болмаса, сол қаржыны бөлу, бөлдіру мүмкіндігі туса не істер едіңіз? Қайда жұмсар едіңіз? Осы тақылеттес сауалдарды бірнеше азаматқа қойған едік…

Ғалымжан ІЛИЯСОВ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі
Ғалымжан ІЛИЯСОВ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі

Ғалымжан ІЛИЯСОВ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі: 

– Жарықтандыру, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын еді. Ауданда абаттандырылмаған аулалар көп. Көктем, күз мезгілінде жаңбырдан су көлшіктері жиналып қалады деп халық наразылық білдіріп жатады. Бұлардың барлығы кешенді проблема. Сондықтан, оған қыруар қаражат қажет. Қасыбір мәселелер кәсіпкерлердің көмегімен шешіліп жатыр. Дегенмен, қаражат болса, атқарылатын жұмыстар көп.

 

 

 

 

 

Амангелді СОПБЕКОВ, облыстық мәслихаттың депутаты
Амангелді СОПБЕКОВ, облыстық мәслихаттың депутаты

Амангелді СОПБЕКОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Қаражат, әрине, әкімшлік арқылы бөлінеді. Егер қаржы көзі табылып жатса, жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектептерде ыстық тамақ ішуіне бағыттауға болар еді. Өкінішке орай, мектептердегі тамақтану мәселесі бізде әлі күнге толық шешімін таппаған. Оқушылардың тамағы көңілден шықпайды. Физиологиялық тұрғыдан дамып, ой-өрісін кеңейту үшін бала ең алдымен дұрыс тамақтануы керек. Сондықтан, бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды. Содан кейін бізде оқулықтар жетіспейді. Бұл салаға да қаржы қарастырылу керек.

 

 

 

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты
Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Егер қосымша қаржы көзі болса, еліміздегі ауылшаруашылық саласын дамытуға күш салар едім. Бізде өнім жоқ емес. Тек сол өнімді нарық талабына қарай өңдей алмай отырмыз. Мәселен, көкөніс, жеміс-жидекке бай өлкеміз. Бірақ, бізде отандық консервіленген өнімдер тапшы. Мен осыны қолға алған болар едім. Ағарғанға да баймыз. Ал сүтті сырттан алып жатырмыз. Қазір біздің мектеп, балабақшалар құрғақ сүт ішіп отыр. Ондай өнімдерді өзімізде де өндіруге болады. Тек соның қыр-сырын қарастыру керек. Еліміз ДСҰ-на кіргелі отыр. Енді өз нарығымызды өзіміз қамдастырмасақ, бізді шетелдік кәсіпкерлер ығыстырып жіберуі мүмкін. Қазақстан – аграрлы мемлекет. Ауыл-шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі қамти алатындай қуаты жетеді. Бізге тек осы істің көзін тапсақ, болғаны.

 

 

Нұрлан ЖАНАЙ, «Жаңа ой» орталы-ғының атқарушы директоры
Нұрлан ЖАНАЙ, «Жаңа ой» орталы-ғының атқарушы директоры

Нұрлан ЖАНАЙ, «Жаңа ой» орталы-ғының атқарушы директоры:

– Күйбең тіршілікте істейтін іс көп. Дәл қазір ақшам болса, пәтерақымды төлеп, көліктің дөңгелектерін ауыстыратын едім. Қарыздарымды төлейтін едім. Қарындасыма жақсы смартфон алып берер ем. Сапалы қызмет көрсететін медициналық орталық тауып, анамды бір ай емдетер едім. Ал жеке кәсібімнің өз бюджеті бар. Оның қаражатына тиіспеймін. Ол өз алдына бөлек қаражат қоры.

 

 

 

 

 

Құралай АХМЕТОВА, Шымкент қаласының тұрғыны
Құралай АХМЕТОВА, Шымкент қаласының тұрғыны

Құралай АХМЕТОВА, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Қазақтың атын шыға-ратын, сыртқа экспорттай алатын, ішкі нарықты да қамтитын, мыңдаған адамға жалақы төлей алатын брендке татитын зауыт салар едім.

 

Сауалнаманы жүргізген – Мақпал РЫСБАЕВА.