Қазақстанда шөлмек қақпақтары тек Шымкентте шығарылады (фото)

Оңтүстіктіктегі индустриалды аймақта орналасқан шөлмек қақпағын шығаратын зауыт қазір толық өндірістік қуатымен жұмыс істей бастады. Бұл өндіріс орны былтыр күзде ашылған еді. Мұндағы цехтарда миллиондаған қақпақ шығарылады. Жұмысшылары тәулік бойы, ауысыммен жұмыс істейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xaBnyFzL06I[/youtube]

 

Дамир Хайрулин, жұмысшы: «Шикізат бізе қаппен келеді. Арнайы машина солардан қақпақтың түрлі бөлігін дайындауға кіріседі. Одан кейін қақпақты сәндейміз. Алтын, күміс түсті жылтыр қағаздармен көрік беріп, тапсырыс берушінің қалауын орындаймыз.»

Қазақстаннан бөлек Ресей мен Қырғызстанға да экспортталатын қақпақтардың бағасын серіктестік басшылығы айтуды жөн көрмеді. Бірақ жоғары сұраныс бағаның қолжетімді екенін дәлелдесе керек дейді. Әзірге бұл серіктестік шөлмек қақпағын шығаратын Қазақстандағы жалғыз өндіріс орны болып тұр.

 Вячеслав Левкович, серіктестік директорының орынбасары: «Қақпақтың қырық түрін шығарамыз. Тапсырыс берушінің қалауын орындау – біздің басты міндетіміз. «Гуал» стандарты бойынша жасалатын тауарларды шығару оңай емес. Десе де біз осы міндеттерді ойдағыдай атқаруға тырысып, маусым кездерінде аптасына 1 миллион 200 мыңға дейін шөлмек қақпағын шығарамыз. Бұл – өте мол өнім.»

 

Тәулік бойы жұмыс істейтін цехта айына 4,5-5 миллион дана қақпақ шығарылады. Мұндағы құрылғылар Оңтүстік Кореядан әкелінген. Жақында қақпақ шығаратын тағы да қосымша орын жұмысын бастамақ.