Үш қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

263

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IVbHDM_5RL0[/youtube]

3 адамның өліміне себепкер болған жол көлік оқиғасына кінәлі 26 жасар жүргізуші құрықталды. Естерінізге сала кетейік, мас күйінде «Мерседес-бенц» көлігін басқарған Ордабасы ауданының тумасы жол жағалауында отырған 20 жасар екі қызды қағып кеткен болатын.

Салдарынан, қос бойжеткен оқиға орнында көз жұмған еді. Оған қоса көлікте отырған 25 жасар жолаушы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимай бақилық болған.

Салтанат Қаракөзова, Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: «Жүргізуші қамауда отыр. Оған байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296- бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Негізінде жүрізуші мас халде болған».