Ұстаздар сайысқа түсті

Әр ауданнан жиналған ұстаздар сайысқа түсті

Бүгін өнерлі ұстаздар өзара сайысқа түсті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен колледж, мектеп-интернаттардың арасында  ауданаралық  «Өнерлі ұстаз» байқауы өтті. Мұндағы мақсат – мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу.

Әр ауданнан жиналған ұстаздар сайысқа түсті
Әр ауданнан жиналған ұстаздар сайысқа түсті

Білім ордаларынан жиналған 18 оқытушы алдымен өздерінің қолөнер туындыларын паш етті. Сонымен бірге сайыскерлер әділқазылар дайындаған сұрақтарға бар білімін салып, мүдірмей жауап беруге тырысып бақты. Солардың бірі – 5 жыл ұстаздық тәжірибесі бар Әділ Ділдәбекұлы. Ол өзі еңбек ететін колледжінің мерейін биік етсем деп келіпті. Айтуынша, әр оқытушы сегіз қырлы, бір сырлы болу керек.

 Әділ Әбішов, байқауға қатысушы. «»Жігітке жеті өнер де аз» демей ме халқымыз? Сол секілді мен сурет салам, киімдердің дизайнын ойлап табам, неше түрлі киім үлгілерін тігемін. Өнер саласында алған белестерім көп.»

Бұл байқау алдағы екі күн бойы жалғасады. Одан кейінгі қорытынды бойынша жүлделі болған ұстаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.