Көлік саласының ұстаздары құрметіне мұражай ашылды

319
Көлік саласының құрметті ұстаздарына арналған мұражай

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде ұстаздар мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Құрылғанына 40 жылдан асқан оқу орнында бүгінні күнге дейін көлік саласына қажетті 20 мыңнан астам маман даярланыпты. Олардың заманына сай білікті азаматтар болып қалыптасуына орта арнаулы білім ордасының басшылығы мен ұстаздары ерен еңбек сіңіріп отыр.

Көлік саласының құрметті ұстаздарына арналған мұражай
Көлік саласының құрметті ұстаздарына арналған мұражай

Гүлзат Ысқақова, Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры: «42 жыл бойы бұл оқу орны техника саласындағы мамандарды даярлап, елге қызмет етіп жүрген азаматтарды оқытып, тәрбиелеп келеді. Сондықтан ұстаздардың еңбегін елеп, дәріптеп, ұлықтап, құрметтеп, оларды тарих беттерінде қалдыру үшін колледж ұжымы болып, қара шаңырақтың мұражайын жасауды алға мақсат етіп қойған едік».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HkWgvTiIrEU[/youtube]

Колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы студенттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін ұжымды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулығанын әрбір ұстаз, әрбір студент біледі. Осындай бағыттағы үлкен жұмыстардың бірі колледжде мұражайдың ашылуы болды. Бұл жұмысқа колледж оқытушылары мен қызметкерлері белсене қатысып, күнделікті жәдігерлермен толықтырып отыруда жұмыс жасайды.

Мерекелік шараға облыстық білім басқармасы мен колледж басшылары, ұстаздары қатысты. Еңбегі еленген оқытушылар білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.