Шымкентте аштық жариялаған борышкерлердің ісіне әкімдік араласты. Борышкерлердің мәселесіне қатысты әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар заем берушілер мен заемшылар арасындағы туындаған мәселелерді шешуге қолдау көрсетпек. Аталған жағдайға байланысты жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті қорытынды жасалмақ екен.
Және жұмыс тобы әр борышкердің мәселесімен жеке-жеке айналыспақ. Топтың құрамында қала әкімдігінің мамандары мен барлық екінші деңгейлі банктің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері және қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктің белсенділері бар.
Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын банкке белшеден қарызға батқан шымкенттік бір топ шаһар тұрғыны жекеменшік қаржы құрылымдарынан несие алып, берешегін өтей алмай, аштық жариялаған болатын.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=prNR7FeJcCw[/youtube]