Бір айда 9 адам тамақтан уланған

Батулизммен дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға душар етеді
Батулизммен дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға душар етеді

Батулизм ауруы биыл өршіп тұр. Осылай деп жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері дабыл қағады. Жыл сайын бұл дертпен оңтүстік өңірінде 5-6 жағдай тіркелсе, биыл қыс басталмай жатып 9 азамат концервіленген өнімнен уланған.

Батулизммен дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға душар етеді
Батулизммен дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға душар етеді

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Дегенмен уланғандардың 3-еуі жан сақтау бөліміне түсіп, ақхалаттылардың араласуымен аман қалды. 

Мұрат Ибишев, дәрігер-инфекционист: «Кез-келген концервіленген өнімді жеудің алдында мұқият болу керек. Бір қайнатып барып, тұтынған жөн. Сол кезде ғана улану қаупі аз болады».

Әсіресе, тұзға кептірілген балыққа абай болған жөн деп кеңес береді мамандар. Өйткені, уланғандардың басым бөлігі осы балықтың кесірінен ауруханаға түскен.