Кейуана көмек күтеді

Жасы 91-ден асқан әже өкіметтен көмек сұрайды. Қызы Гүлчехра осы уақытқа дейін қол жайып, көмек сұрамағанын айтады. Айтулы мереке күндері де тыл еңбеккерінің баспанасына бірде-бір басшы құттықтап, бас сұқпайды екен. «Кәрі ананың жалғыз зейнетақысына жармасамыз, ал әже өзіне қажетті заттарға қол жеткізе алмай келеді» деп қынжылады қызы.

91 жасар тыл ардагері көмек күтеді
91 жасар тыл ардагері көмек күтеді

Қарт әженің отырып-тұруы қиын. Ашаршылық пен Ұлы Отан соғысының куәгері тарихты еміс-еміс еске түсіреді. Себебі, буыны бекімей жатып, еңбекке ерте араласып, ауыр жұмыстар атқарған. Әбден қартайған кейуананы 76 жастағы қызы бағып-қағады.

 Гүлчехра Ергешқызы: «Қандай да бір мекеме немесе фирма осы уақытқа дейін «Апа, мерекеңізбен!» деп келмепті. Мұндай апалар қалмады ғой қазір. 91 жасау – оңай емес. Жастайынан қиын жұмыстарды істегендіктен, соңғы уақытта тіпті шөгіп кетті. Зейнетақыға ақша қосылса игі еді…»

Дүниеге 5 перзент әкелген әженің 4 баласы өмірден өтіп, қызы ғана қалған. Қарияға қарау өзі де сексеннің сеңгіріне таяп қалған қызына оңай тимей отыр. Тілегі – өкіметтен жәрдемнің берілуі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=f4rhVNFu6ho[/youtube]

 Науаткүл Төребекова, облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бас маманы: «Шакирова Рахиля апаға бүгінде 33 151 теңге зейнетақы төлеп отырмыз. Оның ішінде 20 мың 295 теңгесі – өзінің зейнетақысы, ал 9330 теңге базалық зейнетақы төлемі, сонымен қатар тыл ардагері ретінде 3526 теңге алады.

Маманның айтуынша, белгіленген заң аясында ғана қаражат бөлінеді. Зейнетақыға үстеме қосу қарастырылмаған. Ал әр тоқсан сайын берілетін гигиеналық заттар тек мүгедектерге қана қарастырылған екен.