Кісі өліміне қызғаныш себеп болған

371
соққыдан тіл тартпай кеткен

Шымкент қаласы Абай АIIБ-нің полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен 33 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сүйенсек, басынан алған ауыр соққыдан көз жұмған.

соққыдан тіл тартпай кеткен

Көп ұзамай күдікті де қолға түсті. Оның айтуынша, өзінен үш жас үлкен танысын ажал құштыруына қызғаныш себеп болған. Сол күні достарымен бас қосып, ішімдік ішкен. Көңілді отырыста қайтыс болған азамат мұның азаматтық некедегі әйеліне көз сүзген көрінеді. Бұған ашуланған күдікті қолына түскен ағаш және бөтелкелемен көкала қойдай етіп әбден сабаған.

Сөйтіп, басына тиген соққыдан тіл тартпай кеткен оның мәйітін үйден сүйреп шығарып, көшеге тастап кеткен. Қазір қан ізі қалған жиһаз сынығы айғақты зат ретінде алынды. 28 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.