Оңтүстік саз әлемінің серкесін еске алды

Ержан Серікбаев

Ержанды еске аламыз. Өнерде де, өмірде де үзенгілес болған достарының мұрындық болумен Шымкентте әнші, сазгер Ержан Серікбаевты еске алуға арналған әсерлі кеш өтті.

Саз әлемнің саңлағы- Ержан Серікбаев
Саз әлемнің саңлағы- Ержан Серікбаев

Сазгердің сырлы да әдемі әуендерін орындап жүрген әншілер қауымы көрермен үшін Серікбаевтың көп адам біле бермейтін қасиеттерін айтып, әуезімен сусындатты.

Концертке көрермендер де көптеп жиналды
Концертке көрермендер де көптеп жиналды

Елдің баласы болған Ержанды еске алуға жиналғандардың да қарасы көп болды. Ал концерттен жиылған қаржы сазгердің отбасына беріледі. Мұны ұйымдастырушылар алқасы бірден кесіп айтты. Сондай-ақ, дәл осындай кеш жуырда Алматы мен Астана қалаларында өтеді деген жоспар бар.