Ержан Серікбаевқа арнап бейнеклип түсірілуде

Ержан Серікбаев

Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешкен марқұм Ержан Серікбаев дүниеден өтсе де есімін мәңгі өшірмейтін әндері, оны сүйіп тыңдайтын тындармандары қалды артында. «Алға қазақ жігіттері», «Достар», «Туған ел» деп жырлаған өнер иесін еске алып, оның нағыз әкелік махабатын көрсетіп, сағыныш сезімін тудыратын «Әке» туралы әнге ұлы Бейбарыс Ержанұлы бейнеклип түсіруге кірісті. Бұл әнді марқұм Ержан Серікбаевтың өзі кезінде әкесіне арнап шығарған екен. Алайда әнге ол бейнеклип түсіріп үлгермеді.

Бейбарыс Ержанұлы, Ержан Серікбавтың ұлы: «Мен әкеме деген сағынышымды осылайша білдіргім келді. Әрине ол өмірде жоқ болсада оның артында қаншама дүние қалды. Әкемнің есімі мәңгілік сақталсыншы деген ниетімде осы. Енді жаңа клип қазір монтаждалу үстінде бірер күнде дайын болып көрермен назарына ұсынбақшымын».

Батырхан Дәуренбеков, «Оңтүстікфильм» мемлекеттік мекемесінің директоры: «Бейбарыс тұлпардан қалған жалғыз тұяқ қой дегенді ескеріп біз осылайша ойласа келе бейнеклип түсіріп беруде жөн санадық. Өйткені бізде Ерекеннің кездесе бермейтін кадрлары бар. Мәселен оның құрметіне қойылған Шәмші гүлзарындағы бес жұлдызына берілген сертификатты облыс әкімінің қолынан алып мәз мейрам болып келе жатқан сәттері. Осы бейнкадрларды пайдаланып Ержан марқұмның құрметіне осылайша жаңа дүниені жасап шықпақпыз».