Ержан Серікбаевтың дүниеден озғанына бір жыл болды

Ержан Серікбаев

Белгілі композитор, әнші Ержан Серікбаевтің дүниеден өткеніне бір жыл болды. Қыркүйек айының 29-нда Арыс қаласындағы қара шаңырағында қонақ асы өтеді. Ал 30 қыркүйек сағат 11:00 де қабіріне есткерткіш тас орнатылып, марқұмның аруағына арналып құран оқылып, сол күні түскі сағат 13-00 де Астана мейрамханасында ас тарқатылды.

Ержан Серікбавтің отбасы марқұмның көзін көрген жора жолдастары мен өнер сүйер қауымды, барша ағайын туысқандарды шақырады.

Бақытжан Ауданбаев, ақын-жазушы: «Көзін көрген досы ретінде қолымыздан келгенінше Ерекеңнің дүниелерін халыққа жариялауға асығудамыз. Жақында Ержан Серікбаевтың әніне жазылған «Анашым» атты әнін қызым Жұлдыз Бақытжанқызы өндеп шығарды. Жалпы ән өте сәтті шықты. Қазір толығымен жаңа әнге бейнеклип түсірмекпіз. Қызым Жұлдыздың уақытының аздығынан бейнетуынды түсіру кейінге ысырылды. Өздеріңізге белгілі Жұлдыз қазір Алматы қаласында ЖОО бірінде білім алып жатыр».