Оңтүстікте жол апаты 125%-ға өскен

298

 Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты 125%-ға өскен. Бұл көрсеткіш Үкімет басшысын қатты толғандырды. Өңірде автокөлік санының артуы, жол сапасының төмендігі, сондай-ақ, жүргізушінің салғырттығы салдарынан жол апаты артып отыр. Ал жол-патрульдік полициясы бұл келеңсіздік жүргізушілердің жауапсыздығынан деп отыр.

Алдымен сандарды сөйлетсек. Өткен жылы оңтүстік жолдарында 1200 жол апаты тіркелген. Биыл олардың саны 2700-ге жетіп отыр. Жаға ұстататын статистика.

Жол көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы

Жол апаты, көбінесе, жүргізушілердің салғырттығынан орын алады. Жауапсыз жүргізуші өзінің ғана емес, өзгелердің өміріне қауіп төндіріп жатады.

 Әбдіғани Сейдуалиев, Жол-патрульдік полициясы полкінің командирі, полиция полковнигі: «Жол-көлік оқиғасының әртүрлі себебі бар. Ішімдік ішіп, көлік басқару, жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, жылдамдықты асыруы, қарсы бағытқа шығу – осындай жағдайлардан жол ережесі бұзылып, жол апаты орын алуда.»

1-қарашадан бастап өз қызметіне кіріскен жол-патрульдік полициясы осы уақытқа дейін спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарған 15 азаматтың темір тұлпарын айып тұрағына жөнелткен. Ал 95 жүргізушісі түрлі құқық бұзушылық жасап, жауапқа тартылған. Сондай-ақ, қала көшелерінде күнделікті 10-15 көлік ереже бұзатын көрінеді.

Бір емес, бірнеше міндетті бір уақытта атқару жол-патрулдік полициясының жұмысын оңғарта ма, әлде көрсеткішті көтере ме – оны уақыт көрсетеді. Қазір Шымкенттің өзінде 685 әмбебап полицей қызмет етеді.

Нұрсерік Қазыбеков, жол-патрулдік полициясы полкінің инспекторы: «Шымкенттіктер заңда да, ережені де жақсы біледі. Бірақ, біліп тұрып бұзады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OkdfcEBQG7E[/youtube]

Сонымен саралай келе Оңтүстікте жол-көлік апатының көрсеткішін арттырып отырған жүгенсіз жүргізушілер делік. Ал оны реттей алмай отырған жол сақшыларының салғырттығын неге теңейміз?