Түркістан облысында автобус пен ГАЗель соқтығысып, бір адам қаза тапты

13 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолында ГАЗель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус жолаушыларының бірі, Түркістан қаласының тұрғыны алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Ал 5 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркелді. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды.

Ал қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынған. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.