Орға құлап кеткен бұқа құтқарылды (видео)

386
Шұғыл түсірілім

Таяуда Шымкент қаласының құтқарушылары әдеттегіден өзгеше құтқару операциясын жүзеге асырды. Облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағына Самал-3 шағынауданының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, ауласындағы тереңдігі 4 метрден асатын шұңқырға бұқасы құлап кетіпті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Үй иесінің айтуынша, бұқаны ордан өздерінің шығарып алмақ болған әрекетінен еш нәтиже бермеген. Оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанады. Олар алдымен ірі қараның денесіне арқан байлап, екі жақтан тартып алмақ болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ew2PKq_fXW4[/youtube]

Дегенмен, бұқа ауыр болғандықтан, оны орнынан қозғалту аса қиынға түсті. Сондықтан құтқарушылар арнайы көтергіш рычагты пайдаланбақ болады. Тік шұңқырдың үстіне темірлер көлденең тасталып, бұқаның денесіне арқан байланады. Денесін шұңқырдың қабырғасы сырып, жарақаттамас үшін бірнеше жерден қалың көрпеше байланды. Содан кейін барлығы жабылып бұқаны тарта бастады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pmah3prygWM[/youtube]

Осылайша Ойсыл қараның төлі сыртқа сау күйінде шығарылды. Төрт метр тереңдікке құлап кетсе де еш жері сынбаған. Мұны көрген үй иесі құтқарушылардың нәтижелі әрекеттеріне деген ризашылығын жасырып қалған жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=twc8YX0fsJI[/youtube]