Полиция қызметкерлері бұзақыны ұстады

478

Жаңадан құрылған әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстарды ашуға кірісіп кетті. Таяуда кешкі кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясы экипажына жас жігітті белгісіз біреулердің ұрып-соғып, пышақтағаны, сөйтіп, оқиға орнынан қашып кеткені жайлы хабарлама түседі. Тәртіп сақшылары шұғыл іздестіріп жүріп, Ерімбетов көшесінің бойынан хабарлама берілген күдікті автокөлікті тапты. Оның ішінен күдіктілер табылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ut0GnwLNGcQ[/youtube]

Жәбірленушінің айтуынша, көшенің қараңғы тұсына келген сәтте бірнеше жігіт қоршап алған. Сөйтіп, ұялы телефонын тартып алмақ болыпты. Оған қарсылық көрсеткен сәтте жабылып ұрып-соғып, тіпті, біреуі аяғына пышақ сұғып алыпты. Сөйтіп, телефонын алып, қашып кеткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ir2hn76EBtw[/youtube]

Жедел-іздестіру шарасын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді. Қазіргі таңда олар жергілікті полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу амалдары жалғасуда.