Шым шаһар таза қалалардың қатарына қосылады

308
Қала әкімі Дархан Сатыбалды

Шымкент республикадағы үшінші қала мәртебесіне ие болып қана қоймай, ең таза қалалардың қатарына қосылмақ. Бұл жайында Шымкент қаласының 10 айлық әлеуметік -экономикалық дамуы бойынша есеп берген қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Соңғы кезде шаһарда экологияға үлкен мән беріліп отыр. Ескі қоқыс полегонын рекултивациялауды аяқтап, оны демалыс аймағына айналдыруға қатысты пікірін айтты. Жылдар бойы айтылып келген қоқыс өңдеу зауытының құрылысы биыл аяқталып, іске қосылады деді қала басшысы. Нәтижесінде, қаладан жылына шығатын 200 мың тонна қоқыс өңделіп, өндіріске қажетті шикізаттар алынатын болады. Экологияға қатысты екінші жоспар қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарды жаңартып газбен жүретін көліктерді кіргізу.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды
Қала әкімі Дархан Сатыбалды

Шымкентте ең басты мәселелердің бірі – жұмыссыздық азайып жатыр екен. 2013 жылдың 10 айында шаһарда 6458 жұмыс орындары ашылған. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына бойынша да  8 459 адам қатыстырылып, нәтижесінде  2 136 адам тұрақты жұмыс тауып отыр екен.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының мәліметінше, Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында көп қабатты үйлер салынып, тұрғын үй құрылысы оң шешімін тауып келеді. Бұл үшін қазынадан 4,7 млрд.теңгеге 4 350 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы басталып кеткен. Айта кетейік, осы статистиканың ішінен биыл 1 112 пәтерлі 20 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланыпты. Ал бүгінгі таңда осындай бағдарламалар бойынша алаңы 52,8 мың шаршы метрді құрайтын 724 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Брифингке ОҚО БАҚ өкілдері қатысты
Брифингке ОҚО БАҚ өкілдері қатысты

Басқосу аясында шаһар басшысы жуырда қаланың  жаңа бас жоспары бекітілгенін айтты. Осы жоспарға сәйкес, қала  көлемі 117 мың тұрғыны бар 36 елдімекенмен толыққан. Бұл – халық санының артуын ғана емес, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу, яғни жауапкершіліктің артуы деген сөз. Бұған қоса, өндіріс саласына да қала әкімі кеңінен тоқталды. Айтуынша, Шымкент өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібін дөңгелетіп жүр. Мәселен, осы өнеркәсіпте азық-түліктердің үлесі 35 пайыз. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айлық көрсеткіші бойынша өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігі жеке жұмысшыға шаққанда 9,1 миллион теңгені құраған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 27,3 пайызға өскен.  

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ADMqk2xRwB8[/youtube]

Дархан Сатыбалды, шымкент қаласының әкімі: «Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей басшылығымен Шымкентте экономикалық әлеуметтік мәселелер жүйелі шешімін табуда. Бүгінде Шымкентте халықтың экономикалық белсенділігі және табыстарының өсуімен қатар, жұмыссыздық деңгейі төмендеуде. Ағымдағы жылдың 10 айында 6458 жұмыс орындары ашылды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына биылғы жылы 8 459 адам қатыстырылып, есепті кезеңде 2 136 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Халық еңбекпен қамтылса – әлеуметтік деңгей көтерілетіні анық.  Экономиканы жетелейтін тағы бір күш – инвестиция. Айта кететін тағы бір мәселе, биылғы жылы қала экономикасына 98,0 млрд.теңге инвестициялар тарту жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында  бұл көрсеткіш 66,0 млрд.теңгені құрап отыр».

Дәл қазіргі уақытта қала басшысы кәсіпкерлікті дамыту қажет, сонда елдің әл-ауқаты жақсарады деген сенімде. Бұған қоса, биыл 110 жобаны қыржыландыру жоспарланып отыр екен. Қазірдің өзінде 45,5 миллиард теңгеге 106 жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұланып та қойыпты.