Úı Oqys oqıǵa Украинаның ұшағы Шымкентке апатты жағдайда қонды

Украинаның ұшағы Шымкентке апатты жағдайда қонды

Украинаның ұшағы апатты жағдайда Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды. Қаламыздағы ұшақ алаңына Украинаның «Максимус» әуе компаниясының ИЛ-76 жүк ұшағы кенет қонған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 «2013 жылдың 16-қарашасы күнісағат 23:30-да чартерлік рейстегі ИЛ-76 ұшағы қонды. Ол Шымкенттен Абу-Дабиға бет алған. Ұшаө әуежайдан сағат 23:07-де ұшып шыққан» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда анық болғаны сол — ұшып шыққан әуе көлігінің алдың шассиінің жабылмағаны туралы дабыл көтерілген. осыған байланысты ұшақтың командирі қайта қонуға шешім қабылдайды. Ұшақтың бортында 8 экипаж мүшесі мен 6 жолаушы болған. Жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүріп жатыр.