Қатты соққан жел шатырды қиратты

458
№21 шағынаудандағы көпқабатты үйдің шатыры ұшты

 Апат айтып келмейді. Таяуда таңға жуық тұрған жел шымкенттіктерді әбігерге салды. Көпқабатты үйлердің шатыры ұшса, электр желісі тартылған бағаналар құлап, тұрғындарды жарықсыз қалдырды.

№21 шағынаудандағы көпқабатты үйдің шатыры ұшты
№21 шағынаудандағы көпқабатты үйдің шатыры ұшты

21-шағынауданда орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары жуырда ғана шатырын бекітіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Енді сапасыз жұмыстың зардабын тартып, қаржыларының желмен ұшқанына ашынады. Ал төтенше жағдай басқармасының мамандары шатыр ұшқанымен, ешкімге зардабын тигізбегенге қуанады.

 Жанғали Аяпов, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері: «Темір шиферлар қаққан кезде шегемен қатырылған. Негізі оны арнайы бұрандамен бекіту керек. Біткен істің басында тұрып, қабылдап алған кезде мұндай жағдай болмас еді.»

Тағы бір төтенше жағдай Ленгір тасжолы бойында орын алды. Желдің екпініне шыдас бермей, электр желісі тартылған екі бірдей бағана құлаған. Соның кесірінен тұрғындар екі сағаттай жарықсыз қалып, жол жабылған.

 Раушан Байырбекова, тұрғын: «Желдің де кесірі болды, сосын бағаналар да дұрыс орнатылмаған ғой. Қорқыныш болды, жарықсыз қалдық. Тарс ете қалғанда, зәреміз ұшты. Қайта төтеншеліктер тез келді. Әкімдіктен де келді, жөндеп жатыр.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vMXUzO1ahls[/youtube]

Қазір құлаған бағаналар қалпына келтіріліп жатыр. Ескісі екі айрылған соң, жаңасы қойылмақ. Жұмысты бастап кеткен жауаптылар алдағы бірнеше күнде желі мен электр қуатын беру қалпына келтіріледі деп сендірді.