Қыста жарақат алып қалмаңыз

368
Коммуналшылар құмен мен тұз сеуіп әлек

Тәуелсіздік мерекесі күндері  қалалық № 2 жарақат бөліміне дәрігерлерден көмек сұрап, 60-қа жуық азамат жүгініпті. Ақ халаттылардың мәлімдеуінше, науқастардың басым бөлігі – көше қараңғысында жарақат алғандар. Солардың бірі – дәрігердің қабылдауын күтіп, кезекте отырған Көпбосын Тұрсынәлиев өткен демалыс күні түнде қаладағы көшелердің бірінде жарақат алғанын айтады. Енді уақытша еңбекке жарамсыз боп қалды.

Жаңа жылдың алдында жарақат алғандар
Дәрігердің алдында кезек күткендер

Көпбосын Тұрсынәлиев: «Тұрар Рысқұлов көшесіндегі тротуармен келе жатқан едім. Онда көліктер жүрмесін деп бетон қойған екен. Соны қараңғыда байқамай қаоып, құладым.»

Талғат Айтбаев, №2 қалалық жарақат бөлімінің меңгерушісі: «Медициналық көмекке жүгінгендердің көбісі – жұмысқа ертерек шыққандар. Түні бойы жанған шамдар сол сәтте өшіріліп, бірі шұңқырды көрмей құласа, бірі тұрған тас, бетонды көрмей қалып, сүрінген. Абырой болғанда мереке күндері көктайғақта құлап, жарақаттанғандар жоқ.»

Коммуналшылар құмен мен тұз сеуіп әлек
Коммуналшылар құм мен мен тұз сеуіп әлек

Адамдар көк тайғақта құламасын деп «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары қаланың орталық көшелерін құм мен тұз сеуіп жүр. Алайда олардың бұл әрекетін бағаламайтын тұрғындар да бар. Ал жұмысшылар инертті материалдарды әкімдіктердің алдындағы аумаққа көп себеміз дейді. Адамдар мол жүретін көшелер қалада тым көп болғандықтан, олардың барлығына құм себу мүмкін емес дейді. Ал дәрігерлер жарық түскенше қалада электр шамдары сөнбесе деп тілейді. Бұған қоса адамдар да абай болып, қыс мезгілінде ыңғайлы аяқ киім киюлері тиіс.