Асқар Мырзахметов – жылдың үздік әкімі

348
Асқар Мырзахметов

Sayasat.org сайтында сарапшылардың анықтауымен 2013 жылы үздік деп танылған саясаткерлердің есімдері жарияланды. Сонымен, «Жыл әкімі» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов үздік деп танылды.

Асқар Мырзахметов
Асқар Мырзахметов

Біріншіден, «Саясат-Monitoring» сарапшылар тобы «Әкімдер рейтингі» жобасы аясында жыл басынан бері Асқар Исабекұлының жұмысын оң бағалап, тұрақты даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарғанын бағалап келді.

Екіншіден, облыстағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне байланысты туындаған ақпараттық шабуылдарға қарамастан Асқар Мырзахметов Ақорданың сенімін ақтай білді. Өңірде жүргізілген жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралардан кейін облыс әкімі өзінің саяси позициясын қайта нығайта алған.

Ең бастысы, Асқар Мырзахметовтың басшылығымен облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар Елбасы тарапынан оң бағаланып отыр. Мысалы, Президент көктемде Оңтүстік өңірлерінің әкімдерімен өткізген кеңесте Асқар Мырзахметовтың атына бірде-бір сын-ескертпе айтпады. Осылайша облыста атқарылып жатқан жұмыстар Мемлекет басшысының көңілінен шықты деп айтуға болады.

Ал Елбасы осы күзде Оңтүстікке жасаған жұмыс сапары барысында «Облысқа келген сайын әкімді ауыстырады деп ойлайды. Жақсы жұмыс жасап отырған әкімді не үшін ауыстырамын?» деп, өңір әкімінің жұмысына жоғары баға берген еді.