«Азаматтық Альянстың» басшысы ауысты

440

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының басшысы ауысты. Осыдан 8 жылдан астам уақыт бұрын облыстағы қоғам белсенділері мен кәсіпкерлердің бірлескен одағын құрған Клара Төлендіқызы Әліпова өз қызметінен кетті. Ол қоғамның әлеуметтік түйткілдерін шешіп, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жүйелеу ісін басқаруды облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шәріпбек Жамалбекке тапсырды.