Дін өкілдері мешітке келушілермен кездесті

369
Құрылған арнайы топ қалалық мешіттерде үгіт насихат жүргізуде

Шымкентте имамдар мешітке келушілермен кездесті. Ондағы мақсат – халықтың діни сауаттылығын арттыру және дәрстүрлі емес ағымдардың арбауына алданған жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 600 адамға арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мешітіне келушілердің қарасы көп. Мұндағы жамағаттың барлығы түгел Әбу Ханифа мәзхабын ұстанады деп дөп басып айту қиын. Осы орайда «өзге мәзхабты ұстанатындарды бөлектеп, ала көзбен қарағанда ұтарымыз жоқ. Керсінше, мінәжатқа келгендерін пайдаланып, әңгімелесу керек» дейді имамдар.

Құрылған арнайы топ қалалық мешіттерде үгіт насихат жүргізуде
Құрылған арнайы топ қалалық мешіттерде үгіт насихат жүргізуде

 Сарыбаев Қазыбек, Шымкент қалалық мешітінің наиб-имамы: «Жергілікті жамағатпен кездесіп, дінді дұрыс және айқын насихаттауымыз керек. Түрлі ағымдарың өкілдерін жеке-жеке сөзге тарта отырып, олардың басында қандай түйткілді мәселелер барын білуіміз керек.»

Бата қылып, бетін сипамай, тәспиқ тартпастан, намазды басқа мәзхабтың ишарасымен оқитындар көңілге түрлі ой салады. Ал «дәстүрлі дін» ұғымын түсінісудің ауылы алыс дейді келген жамағат.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_SIV87jegts[/youtube]

 Ақылжан Қайырғалиев: «Мешітке келген кейбір жамағат салт-дәстүрімізді жоққа шығарады. Намаз оқығандары бөлек. Барлығы бір бағытта болғаны дұрыс қой.»

Халықтың діни-сенімінің бұрмалануы – діни сауаттың төмендігінен. Тамырлап бара жатқан мұндай діни алауыздықты ауыздықтамаса, мұның ұлтты жою қаупі бар дейді теолог мамандар. Атырау мен Ақтөбедегі және Іле Алатауындағы лаңкестік, қанды оқиғалар еліміздегі қауіптің көріністері.