Шымкентте зияткерлік бал өтті

352
Ортада оралдық оқушылар өнер көрсетуде

Сырлы саз, сұлу нақыш. Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған зияткерлік бал өтті. Іс-шараның қонақтары – алғаш рет өткізіліп жатқан республикалық арт-фестивальдің қатысушылары.

Ортада оралдық оқушылар өнер көрсетуде
Ортада оралдық оқушылар өнер көрсетуде 
Алғашқы зияткерлік бал көпшіліктің көңілінен шықты
Алғашқы зияткерлік бал көпшіліктің көңілінен шықты

Зияткерлік балдың шымылдығын бірінші болып оралдық қатысушылар түрді. Сәні келіскен иірім, мың бұрала билеген арулар кештің көркін ашты. Балдық бас хореографының айтуынша, балалар жақсы дайындалып келген. Киімдері көздің жауын алады.

Балдың қонақтары
Балдың қонақтары

Халқы «Вальс падишахы» атап кеткен Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған би кешіне бес жүзден аса оқушы қатысты. Жұптасқан жастар жан сарайына ғажайып сәулесін төгетін әсем әуендерге тамылжыта биледі. Тараздан келген зияткер оқушылар жұп таңдауға келгенде әбден қиналғандарын жасырмады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FFkCGnEOY_I[/youtube]

Балдың көркін эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева аша түсті. Шәмшінің әнін шарықтата шырқап, оқушылармен қосылып та айтты.

Би кешінің соңы түрлі байқауларға ұласты. «Әуенді тап» сазды викторинасы қатысушылардың қарым-қабілетін байқатты. Бұл кеште зияткер оқушылар вальсті нақышына келтіріп билеп қана қоймай, Шәмшінің өмірбаяны мен шығармашылығын жатқа білетіндерін көрсетті.