Назарбаев зияткерлік мектептерінде құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсуге құжат қабылдау басталды. Құжаттарды 2017 жылдың 28 қаңтарына дейін тапсыруға болады.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс: байқауға қатысу үшін өтініш беру, сауалнама толтыру (құжаттарды тапсыру кезінде толтырылады).
1. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН-і
2. Үміткердің ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің ЖСН көрсетілген көшірмелері;
3. 086/у медициналық анықтама формасы;
4. Мекенжай анықтамасы;
5. Үміткердің 5 сыныптағы үлгерімі және 6 сыныптың I жарты жылдығындағы үлгерім табелінің көшірмесі (талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек).
6. Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;

Құжат қабылдау: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 14.00–ге дейін, түскі үзіліс 12.30-13.30.

Телефоны: 8(7252)29-44-88, 8(747)9394851
Электронды пошта : info@fmsh.nis.edu.kz.
Біздің мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Ақжайық шағынауданы, элиталы қалашық көшесі, 6-ғимарат