Шымкенттің 2014-2016 жылдардағы бюджеті қабылданды

210

Екі жылда 30 реттен астам бас қосқан қалалық мәслихаттың депутатары бүгін тағы жиналды. Халық қалаулылары 2014-2016 жылдардың бюджетін қабылдады. Оған сәйкес, 2014 жылы қала қоржыны республикадан берілетін трансферттің ақшасын қоспағанда 63 миллиард 963 миллион теңгеге жетті. Бұл – бұрын-соңды болмаған қаржы.

 Өткен жылы шаһар қазынасы трансферттерді қосқанда 59 миллиард теңге болған еді. Келесі жылғы бюджеттің басым бөлігі, яғни, 22 миллиард теңге білім саласына бөлінсе, 11 миллиард теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жұмсалатын болып шешілді. Бұдан бөлек облыстың қоржынынан қаланы абаттандырып, көріктендіруге көмек ретінде 2 миллиард теңге көлемінде субвенсия берілді. Осы тұрғыдағы бюджетті бірнеше күн бойы талқыға салу барысында депутаттардың бірқатар ұсыныстар мен ескертпесі қабылдады.