Жастар тарихпен танысуда

Аудандық «Жастар орталығы» ауданымыздың 85 жылдығына орай «Бәйдібек өлкесі – киелі мекен» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды

Аудандық «Жастар орталығы» ауданымыздың 85 жылдығына орай «Бәйдібек өлкесі – киелі мекен» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – тарихи, мәдени жерлерді облысымызға таныстыру, оның құндылығын арттыру, туризм саласына сұранып тұрған жерлерді жұртшылыққа насихаттау болып табылады. Оған облысымыздағы барлық «Жастар орталығының» директорлары мен мамандары қатысты.

Аудандық «Жастар орталығы» ауданымыздың 85 жылдығына орай «Бәйдібек өлкесі – киелі мекен» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды
Аудандық «Жастар орталығы» ауданымыздың 85 жылдығына орай «Бәйдібек өлкесі – киелі мекен» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды

 

Аты айтып тұрған көшпелі семинар бір бөлменің ішінде емес, тарихи жерлерді аралау барысында өткізілді. Алдымен қатысушылар «Домалақ ана» кесенесінде болып, зиярат жасаудан бастады. Кесене басында болған қонақтар әулие кісі болған «Домалақ анамыздың» өмірі жайлы мағлұмат алып, кесене айналасының көркейіп, көгалдандырылғанына көз жеткізіп, атқарылған игі іске риза болысты.

Мұнан соң семинарға келгендер «Ақмешіт әулие» үңгіріне саяхат жасады. Олар темір сатымен үңгірге түсіп, ішіндегі ғажайып көріністерге таңданып, экзотикалық баққа кіргендей әсерде болды. Табиғаттың шексіз сулулығына куә болып, таңдай қағысты. Саяхат барысында қатысушыларға жаугершілік замандағы үңгір жайлы аңыз-әңгімелер айтылды.

Семинардың мақсаты – тарихи, мәдени жерлерді облысымызға таныстыру, оның құндылығын арттыру, туризм саласына сұранып тұрған жерлерді жұртшылыққа насихаттау болып табылады
Семинардың мақсаты – тарихи, мәдени жерлерді облысымызға таныстыру, оның құндылығын арттыру, туризм саласына сұранып тұрған жерлерді жұртшылыққа насихаттау болып табылады

Семинар соңында қонақтар көне заманның куәсі болған «Аппақ Ишан» мешіт-мұражайына табан тіреді. Бұл жерде мұражай қызметкерлері жиылған жұртшылықты ауданымыздың тарихымен таныс-тырып, мұражайдың бөлмелерін аралатып, ондағы көне жәдігерлерді көрсетті. Оларға бір-бірінен түр-сипатымен, құндылығымен дараланатын жәдігерлердің тарихын, өзіндік ерекшеліктерін тәптіштеп түсіндіріп берді.

Осылайша семинарға қатысушылар ауданымыздың көрнекті жерлеріне саяхат жасаумен қатар, тарихымыз жайлы да көп мағлұмат алып қайтты.

Бағлан НҰРАЛЫҰЛЫ