Жолаушыға лық толған автобус, тәртіп бұзған жүргізуші…

285

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 458 958 автокөлік тіркелген. Соның 15 мыңнан астамы – автобустар мен шағын автобустар. Сол қоағмдық көліктердің 4 мыңнан астамы тұрақты түрде жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.

Соның ішінде Шымкент қаласының аумағында 33 көлік компаниясы 84 бағытта жолаушы тасымалдайды. Атап айтқанда 837 кестесі бар 59 бағытта автобустар, ал 383 кестесі бар 25 бағытта шағын автобус жолға шығады. Жалпы, облыс орталығы бойынша резервті қосқанда қоғамдық көліктің жалпы саны 1625-ті құрайды.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында автобус жүргізушілерінің қатысымен 29 жол-көлік оқиғасы орын алғаны анықталды. Соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 47 адам дене жарақатын алды. Яғни, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол апаты – 21 пайызға, қаза болғандар – 83 пайызға, ал жарақат алған адамдар саны 34 пайызға азайыпты.

Дегенмен, Шымкенттің тәртіп сақшылар осылай екен деп, қол қусырып отырған жоқ. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 26-қараша мен 21-желтоқсан аралығында «Абайлаңыз, жүргінші» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Автобус» атты рейд ұйымдастырды. Оның аясында полиция қызметкерлері қолда бар бейне-бақылау камераларын қолдану арқылы автобустар мен шағын автобустардың жол жүру тәртібін бақылаған. Нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған 534 жүргізуші анықталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VytbnaGGLUU[/youtube]

Жол жүру ережесін бұзғандардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, кейбірінің ісі сотқа да жолданды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2lvxpC9RBXM[/youtube]

Полиция қызметкерлері тек көшедегі қозғалысты бақылап қана қоймай, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компаниялардың басшыларымен де кездескен. Ондай басқосуларда ең жиі кездесетін өрескел заңбұзушылықтар мен оның алдын алу жолдары талқыланды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X0IyP0amxaY[/youtube]

Тәртіп сақшылары мұндай тексерулер алдағы уақытта та жалғасады деп сендіріп отыр.