Өз әпкесін өлтірген адам сотталды

267

Шымкентте естіген адамның жағасын ұстатқан іске нүкте қойылды. Жазда қаладағы қоқысханадан қинап өлтірілген белгісіз әйелдің денесі табылған болатын. Араға ұзақ уақыт салып, қылмыскер де анықталады.

001

Ең сұмдығы – адам өлтіргіш марқұмның туған бауыры болып шықты. Күні кеше осы іске нүкте қойылды. Жас жігіт бұл қылмысты алдын ала жоспарлаған болып шықты. Ол өз әпкесін күтіп алып, оны жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде олардың арасында ақша мәселесі бойынша жанжал туындаған. Түнде марқұмның ұйықтап қалєанын пайдаланған інісі бірнеше рет пышақ сұғады.

Ұзақ уақытқа созылған процестен кейін сот айыптыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесу туралы үкім шығарды. Оның мал-мүлкі тәркіленіп, өзі жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады.