Жанармай тағы да арзандады

199

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы тағы да арзандап отыр. Бұл туралы энергетика министі Владимир Школьниктің жарлығы шықты. Енді дизельді отынның 1 литрі – 107 теңге, ал АИ-92 маркалы жанармай 109 теңге тұрады.

2014 жылдың 30-желтоқсаны күні энергетика министрінің Ұлттық экономика министрлігімен келісілген № 229 бұйрығы шықты. Оған сәйкес энергетика министрінің 2014 жылдың 10-желтоқсаны күнгі № 193 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізіліп отыр: «1 пункте «115» саны «109» санына өзгертілсін.» Бұл туралы энергетика министрлігінің сайты жазады.

Осыған сәйкес Қазақстандағы жанар-жағармайды сату бағасы қосымша құн салығымен қоса есептегенде төмендегідей болып бекітіледі:

Дизелді отынның 1 литрі – 107 теңге;

АИ-80 жанармайының 1 литрі – 89 теңге;

АИ-92 маркалы бензинінің 1 литрі – 109 теңге.