Боранның кесірінен жолдар жабылды

469

Оңтүстік Қазақстан облысында екі күре жолдағы қозғалысқа шектеу қойылды. Бұған тәулік бойы толассыз жауған қар мен боран себеп болған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан «Қошқарата – Ағыбет – Бірлік – Шаян», «Шолаққорған – Шаян» бағытындағы жолда көлік қозғалыс тоқтатылған.

 Бұл туралы еліміздің төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Осыдан бір тәулік бұрын басталған жаңбырдан кейінгі қар әлі толсассыз жауып тұр. Қатты желдің салдарынан жол көрінбейді. Синоптиктер қар ертеңге дейін жалғасады деп болжам жасап отыр. Ал жұма күні жаңбыр жаууы мүмкін.